«Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясының бас директоры Ләззат Жүнісовамен сұхбат (Ляззат Жунусова: 9 марта я родила дочь, а 13 марта вышла на работу).
— Сіздің жұмыста керемет жетістіктерге жетуіңіз туралы ата-анаңыз не дейді? Олар қыздары осындай биіктен көрініп, ер азаматтармен бәсекелестікке төтеп бере алады деп ойлаған ба екен?
— Әкем жақында 77-ге келді, анам – 74-те. Мен әрдайым әкемді үлгі тұтатынмын: ол да кезінде басқарушы қызметтерді атқарған, бала кезімнен оның тынбай еңбек етіп, жұмысты бар жауапкершілігімен және өте тиянақты орындағанын көріп өстім. Мен мекемелердің Кеңес үкіметі кезінде және қазір қалай басқарылатындығын жиі салыстырып отырып түсінгенім, көп қасиетімді әкемнен алыппын. Отбасымызда еңбек ету әрқашан да құрметке лайық болатын.
— Әкеңіз басшы болған екен, ал сіз қайда дүниеге келдіңіз?
— Мен Қазақстанның солтүстігінде, Ақмола облысында дүниеге келдім. Әкем Ауылшаруашылығы институтын аяқтап, агроном болып істеді. 30 жасында ол совхоз директоры болды, ол кез үшін бұл үлкен жетістік.
— Әкеңіз совхоздың жас басшысы болыпты. Бірақ кеңестік кезде совхозды басқару бір бөлек, ал үлкен технологиялық компанияны басқару басқа. Сондықтан, сіздің ата-анаңыз өте бақытты деп ойлаймын. Отбасыңызда жалғыз баласыз ба?
— Төрт баламыз: ағам және үш қыз. Менің мамандығым экономист, телевидение саласында 25 жылдан астам жұмыс істеп келемін. 2018 жылға дейін телеарналарда еңбек еттім, 26 жасымда «Қазақстан» РТРК-сының облыстық филиалында бас есепші болдым. Қазіргі жастармен өзімді салыстырсам, бұл менің мансабымдағы елеулі жетістік деп ойлаймын.
26 жасымда «Қазақстан» РТРК-сының облыстық филиалында бас есепші болдым. Қазіргі жастармен өзімді салыстырсам, бұл менің мансабымдағы елеулі жетістік деп ойлаймын.
— Мектептен кейін қайда оқуға бардыңыз?
— Мен Семейге оқуға кеттім, ол жерде сол уақыттағы ең мықты технологиялық университет орналасқан болатын. «Экономист» мамандығы бойынша білім алып, Семейдегі облыстық телеарнада есепші болып жұмыс істей бастадым.
— Ол жерге қалай тұрдыңыз?
— Студенттік кезде араласқан досым телевидениеге жұмыс істеуге шақырды. Ленинград электротехникалық байланыс институтын аяқтаған ол облыстық телерадиокомпанияның басшысы болып тағайындалған болатын.
Семейде менің бар арманым орындалғандай болды: 100 доллардай айлығым, көңілім толатын жұмысым бар.
— Семейде қайда тұрдыңыз?
— Жалдамалы пәтерде. Семейде тұрғанда менің бар арманым орындалғандай болды: 100 доллардай айлығым, көңілім толатын жұмысым бар. Бәрі жақсы болғандай болды: пәтер жалдауға мүмкіндігім бар, сол кезде тапқан табысым да жақсы болып көрінетін. Бірақ астанаға кету туралы ой мені жібермеді де, мен көшіп кеттім.
— Ол қалай болды? Бұл аяқ асты, үлкен қадам ғой! Сіз телевидение саласына келіп, сізді Астанаға шақырады деп жоспарлаған жоқ шығарсыз?
— Мен өзім елордаға көшемін деп шештім, «Қазақстан» корпорациясының бас офисімен карым-қатынасымыз болғандықтан ол жерде бос орын бар екендігі туралы білдім де, соған жұмысқа алуды өтіндім. Облыстық филиалдың бас есепшісі орнынан мен жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметіне ауыстым. Ол жерде маған өзіңді көрсету керек деді.
1998 жылы мен бір кесе мен қасығымды алып, Семейден көшіп кеттім.
— Яғни бәрін басынан бастауға тура келді ғой?
— Иә, 1998 жылы мен бір кесе мен қасығымды алып, Семейден көшіп кеттім, бұл жағдайды жиі есіме алып отырамын. Бастапқы кезде жатақханада тұрдым. Ол кезде Алматыдан жаңа астанаға жер аудару болып, көп адамдар жатақханада тұрудан жаңа өмірлерін бастап жатты, қала өте суық болды, тұратын жерлердің жағдайы нашар.
Алайда көбіміздің сол уақытта жолымыз болды: жастарға өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Біз тынбай жұмыс істедік, менің сол кездерден бері әлі араласып келетін достарым мен таныстарымның көбісі үкіметте жұмыс істейді, керемет мансап құрды.
— Сіз қазір бас есепшіңізді шақырып, оған жатақханаға көшу керек десеңіз, ол сізге не дейді?
— Ол кезде дәл осылай болы. Корпорацияның бас есепшісі қызметіне шақырылған адам Алматыдан келіп, жағдайды көріп, жұмыстан бас тартты: өз қаласында көлжетімді мүмкіндіктер мұнда болмады. Ол жылдық есеп беру кезінде бас тартқандықтан бұл күтпеген жағдай болып, тез арада оның орнына маман тауып, сол адамның мойнына бар жауапкершілікті арту керек болды. Ол адам мен болып шықтым.
Бұдан кейін кездейсоқтықтар бірінен соң бірі тізбектеле түсіп, ақырында мен бүкіл корпорацияның жылдық есебін жинадым. Әрине, оңай болған жоқ, мен бұрын кішігірім филиалда жұмыс істедім, ал мұнда бүкіл корпорацияның есебін жинау керек. Білмеген нәрсем де көп болды.
— Сіз шоғырландырылған баланс жасау керек дедіңіз …
— Ол кезде біздің 14 филиалымыз болды.
Бірде есепшілердің кабинетіне кіріп, бәрінің шотпен есептеп отырғандарын көрдім де, таңырқап сұрадым: «Қыздар, бұларың не!? Шотты қайтесіңдер?»
— Бас мекеме болған соң жұмысы да көлемді ғой.
— Иә, өте көлемді. Бухгалтерияға келгендегі менің басты шартым компьютерлерді жаңарту болғаны есіме түсіп отыр, Pentium базасындағы компьютерлерді сатып алу біздің алғашқы техникалық жеңісіміз болды. Біз бөлімімізде «1С бухгалтерия» жүйесін енгізіп, соынмен жұмыс істей бастадық. Бірде есепшілердің кабинетіне кіріп, бәрінің шотпен есептеп отырғандарын көрдім де, таңырқап сұрадым: «Қыздар, бұларың не!? Шотты қайтесіңдер?» Мұныма әріптестерім: «Бізге осылай ыңғайлы ғой», – деді. Олар «1С»-ке деректерді енгізіп, шотпен қайта тексереді екен. Сонда мен жұмыстың жаңа стилі бізде орын ала аламайтындығын түсіндім. Олардан шоттарды «күштеп» тартып алуға тура келді.
— Олар оқып үйренуге бел буды деп ойлаймын және ол үшін сізге алғыс айтып жүрген шығар.
— Әрине, ол жұмысты едәуір жеңілдетеді ғой. Бұрындары біз сол тиындарды (рубльмен есептеген уақытта) есеп беру кезінде түнімен іздейтінбіз. Ол кезде қаталырақ болды ғой, ықшамдауға болмайды, сол бір тиынды таппайынша баланс келіспейді!
— Еңбек жолыңыз әрі қарай қалай дамыды?
— 1998-1999 жылдары «Қазақстан» РТРК-сы үшін қиын кезең болды. Бюджеттің секвестры болып, біздің қаржыландыруды қысқартып тастады, бәрін үнемдеуге тура келді. Сол кезде штатымызда заңгер болмады, оның міндетін мен атқарып жүрдім, мен ондай маман болмасам да,бәрін егжей-тегжейіне дейін түсіну керек болды. Жоспарлаумен де, құқықтық қолдаумен де, тағы басқа жұмыстармен де айналысуға тура келді. Бұл кезеңде біз тағы бір проблемаға соқтықтық: стандарттардың көбісі бекітілмеген, сондықтан үлкен компаниямыздың әр аймақтардағы филиалдарының заңды құжаттары бір біріне қайшы келетін.
Штатымызда заңгер болмады, оның міндетін мен атқарып жүрдім, мен ондай маман болмасам да, бәрін егжей-тегжейіне дейін түсіну керек болды. Жоспарлаумен де, құқықтық қолдаумен де айналысуға тура келді.
Бір жерде компания мемлекеттік мекеме болып көрсетілген, тиісінше бұл есеп пен салық салудың бір түрі, басқа жерде компания жеке кәсіпорын ретінде көрсетілген, бұл мүлдем басқа әдістерді талап етеді. Осының бәрі тау болып үйілгенде реттеуден басқа амал қалмады! Мысалы, корпорацияда жарғылық капитал жарияланған, бірақ бірнеше жыл бойы құрылмаған. Яғни, компанияның мүлігі тиісті ресімделмей, заң жүзінде компанияның балансында болмады. Біз сол уақытта қыруар шаруаны атқарып, корпорацияның бүкіл жылжымалы және жылжымайтын мүлігін заңдастырдық. Мен бұл жұмысымның нәтижесін мақтан етемін. Кейінірек мені қаржы директоры, одан кейін корпорация басшысының бірінші орынбасары қылып тағайындады.
— Қай кезде бірінші орынбасар болдыңыз?
— 2004 жылы.
Бірінші орынбасар болып тағайындалғанымда қаржы блогы, техникалық және заң департаменттері менің қол астыма берілді.
— Сіздің қызметтік міндеттеріңіз қалай өзгерді?
— Бірінші орынбасар болып тағайындалғанымда қаржы блогы, техникалық және заң департаменттері менің қол астыма берілді. Осы кезде мен біртіндеп өзімнің қаржы-экономикалық білімімді ұмыта бастадым.
Құжаттармен айналыспасаң, оларды құрмасаң, әрине, дағдыларыңды жоғалтасың. Қазір менен: «Сіз экономист емессіз бе?», – деп сұраса, мен: «Ол бұрын болған», – деп жауап беремін.
— Техникалық блок пайда болды. Бұл бағытқа қалай ендіңіз?
— Өндірістік және қаржылық процестер арқылы. Компанияның стратегиясын әзірлеу кезінде бұл бағыттардың бәрі бір бірімен байланысты екенін түсінесің.
Шындап келгенде бұл уақытта «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қарқынды дами бастады. Қаржыландыру жыл сайын ұлғая түсті, бұл сол кездегі корпорация басшысы Г.Т.Доскеннің арқасында.
Кассета сатып алатын ақшамыз болмаған уақыт та болды. Егер редактордың қолына бір кассета түссе, ол оны өзімен алып жүріп, ешкімге бермейтін, өйткені оның басқа жұмыс істейтін құралы болмады.
Егер 1996 жылы бізді тек жалақы, коммуналдық төлемдер мен байланыс тарату шығындары бойынша қаржыландырса, 2002-2003 жылдары біртіндеп даму басталып, біз техника мен құрал-жабдықтарды ала бастадық. Кассета сатып алатын ақшамыз болмаған уақыт та болды. Егер редактордың қолына бір кассета түссе, ол оны өзімен алып жүріп, ешкімге бермейтін, өйткені оның басқа жұмыс істейтін құралы болмады. Сөйтіп жаңа бағдарламаны жазу үшін ол ескі материалдарды өшіріп отыратын. Нәтижесінде, өкінішке қарай, сол кезеңнің көп бейнематериалдары сақталмай қалды.
Әрине, біз кейін қолымызда ненің бар екенін біліп, қайда баратынымызды, ненің қажет екенін анықтау үшін толық аудит жүргіздік. Әр техниканы құру біз үшін керемет оқиға болды: магнитофон сатып алдық – құандық, камера алдық – шаттандық. Лентасыз өндіріске өту жобасын алғаш рет жүзеге асырдық. Техникалық даму бойынша жалпы бағытты белгілегенде де формат таңдауда бірауыздық болмады. Мен біртіндеп бәрін түсініп араласа бастадым: техникалық мәселелерге де, шығармашылыққа да, өйткені қызыққыш адаммын. Ең қызығы, көп нәрсе бірге жұмыс істеп жүргендерге байланысты. «Егер біз мынаны жасасақ, мүмкіндігіміз арта түседі», – деп сөзін жеткізе алатын қызметкерлердің болғаны жақсы. Осындай идеясымен айналасындағыларды қызықтырып жіберетін адам болғандықтан ғана шешім қабылдаған кездеріміз болды. Мұның бәрі жаңа техника сатып алуға, қызметкерлерді оқытуға және нәтижесінде сапалы контент құрудың жаңа жолдарына әкелді.
2006 жылы менің өмірімде ең маңызды нәрсе орын алды! 7-наурыз күні қыздарды келе жатқан мерекемен құттықтадым, ал 8-наурыз күні перзентханаға барып, тоғызында қызымды дүниеге әкелдім.
— Ол уақытта өміріңізде тағы қандай елеулі оқиғалар болды?
— 2006 жылы менің өмірімде ең маңызды нәрсе орын алды! 7-наурыз күні қыздарды келе жатқан мерекемен құттықтадым, ал 8-наурыз күні перзентханаға барып, тоғызында қызымды дүниеге әкелдім. 13-наурызда жұмысқа шығуыма тура келді. Ол кезде корпорацияның қаржылық қызметін жоспар бойынша тексеріп жатқандықтан, мен жұмыста болуға мәжбүр болдым.
— Қызыңызды кіммен қалдырдыңыз? Басшылық қызмет ертелі-кеш кем дегенде күніне 10 сағат уақытты алады ғой.
— 1,5 айға дейін анам жанымда болды, одан кейін бала күтуші көмектесті. Мен жұмысқа жақын тұрдым, бір орамда: барып баланы емізіп, қайтып келетінмін. Мұның өте ауыр болғандығын мойындау керек әрине, сондықтан мен жарты жылдан кейін «Қазақстан» корпорациясынан шығып, алты ай кішкентайымның қуанышына бөлендім.
Бірақ жұмыссыз көп отыра алмайтындығымнан ұсынысты қабылдап, бір коммерциялық банктің жарнамамен айналысатын бөлімшесіне жұмысқа шықтым.
Бұл мен үшін жаңалық болды! Өмір бойы жұмысқа бір жолмен барып қайтқан мен басқа салаларда қандай процестер болатындығын елестете де алмайтынмын. Ол уақытта банк құатты болатын, жарнамалық бюджеттерінің көлемдері мені қатты таң қалдырды, жарнама нарығының кері жағын көре алдым. Біз жарнама жасадық, концепцияларын ойластырдық, банктың қызметтерін ұсындық. Ол жерде мен жарнаманың қалай жұмыс істейтіндігін көрдім, жаңа кәсіби компетенцияларға ие болдым.
Мен жұмысқа жақын тұрдым, бір орамда: барып баланы емізіп, қайтып келетінмін.
Кейін сәтті кездейсоқтықтар бір біріне тізбектеліп, телевидениеге қайта оралғанымда мүлдем жаңа тәжірибеге ие болып келдім. Мені «Еуразияның» құрылтайшысы болып келетін Телевизиялық жаңалықтар агенттігін басқаруға шақырды. «Еуразияның» аудитын жүргізіп, концепциясын әзірлеу керек болды. Құжаттардың бәрін жинаған кезде мені «Еуразия» телеарнасының басшысы етіп тағайындады.
— «Еуразиядағы» оқиғалар қалай дамыды?
— «Еуразия» телеарнасының концепциясын бекіткен кезде өз өндірісіміздің көлемін арттыру мәселесі тұрды. Сондықтан біз өзіміздің жаңалықтар қызметін іске қосудан бастадық. Ол уақытта «Еуразияның» техникасы, студиялар мен шығармашылық қызметкерлері болмады, біз жаңалықтар концепциясын бөлек әзірлеуден бастадық. Біздің нарықтағы барлық телеарналардың («Қазақстан» телеарнасынан басқа) жаңалық бағдарламаларында қазақ және орыс тілдеріндегі екі блок бар. Мен жаңалық жүргізушілерінің жұмысында қос тілділікті енгізу концепциясын ұсындым. Екі тілде сөйлейтін жүргізушілердің кастингін жүргіздік. Бұл оңай шаруа болмады. Ағылшын-орыс тілдерінде сөйлейтін билингвтерді табу оңайырақ сияқты, ал қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейтіндерді таңдау қиынға түсті. Айталық, қазақшасы мықты, орысшасы бәсеңдеулер орыс тілін жақсарту керек болды немесе керісінше. Арнайы оқытушы, тренер жалдап, қызметкерлерді қосымша оқыттық.
Мен жаңалық жүргізушілерінің жұмысында қос тілділікті енгізу концепциясын ұсындым. Екі тілде сөйлейтін жүргізушілердің кастингін жүргіздік. Бұл оңай шаруа болмады. Ағылшын-орыс тілдерінде сөйлейтін билингвтерді табу оңайырақ сияқты, ал қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейтіндерді таңдау қиынға түсті.
Жаңалықтардың эфирге шығуы да оңай болмады: студияны соғып қойдық, техниканы алдық, адамдарды оқыттық, жүргізушілерді киіндірдік, бәрі жұмыс істеп тұр, корреспонденттер оқиға орындарына шығып жүр. Жаңалықтарды жинаймыз, жүргізуші шығып, кіріспелерді оқиды. Бәрін нақты уақыт режимінде өткіздік, бірақ эфирге шықпадық. Тракт аяқталған соң мен шығып: «Көп рақмет, бүгін біздің тағы бір тестілеу күніміз. Кейбір мәселелерді тағы бір қарастыру керек, ертең жалғастырамыз», – деймін. Осындай стресс жағдайда командамды бірнеше күн ұстадым, күн сайын осылай тест режимінде жұмыс істедік.
— «Еуразия – Бірінші арнасы» Алматыда орналасқан. Яғни сіз тағы көштіңіз, енді балалармен?
— Иә, көңілімнен шығатын жұмыс болса мен тез жиналамын да, жеңіл көше беремін. Көп адамды бұл таң қалдырады: мен бір күнде пәтерді сатып көшіп кете саламын. Мекенжайға, материалдық заттарға байланып қалу маған жат: Алматы мен Астананың арасында үш рет көштім.
— «Еуразиядан» кейін не болды?
— «Еуразияда» мен екі жыл істедім, қазір ол «Қазақстан» корпорациясының құрамына кіреді. Сөйтіп мені «Қазақстанға» қайта бірінші орынбасар ретінде шақырды. Мен қайта оралып, ол жерде тағы алты жыл еңбек еттім.
— Бұл кезеңде өз қабілеттеріңізді қолдану жағынан қандай маңызды сәттер болды?
— Біріншіден, корпорация да мүлдем басқа болды, менің де коммерциялық каналда жұмыс тәжірибем болды. Сондықтан жұмыстың бұл кезеңі мүлдем өзгеше болды.
Компанияның негізгі техникалық және қаржылық мәселелері шешіліп қойған, біз шығармашылық жобалармен айналыстық. Бұл уақытта біз арналардың қаралымын арттыру бойынша белсенді жұмыс атқардық. Күнде аудиториялық көрсеткіштерді күттік. Хабар тарату кестесін егжей-тегжейлі талдап, бәсекелестеріміздің бағдарламалық стратегияларын зерттедік. Мегажобаларды іске қостық. Әр телевизиялық жобаны аудиторияның қызығушылығын ескере отырып жасадық.
2013 жылы шілде айында корпорация құрамында «KAZsport» алғашқы спорт арнасын іске қостық. Концепциясынан бастап эфирге алғаш шығуына дейін бүкіл процесті бастан аяқ басқару маған бұйырды.
2013 жылы шілде айында корпорация құрамында «KAZsport» алғашқы спорт арнасын іске қостық. Концепциясынан бастап эфирге алғаш шығуына дейін бүкіл процесті бастан аяқ басқару маған бұйырды. Мен мұнда арнаны брендтеу, оның танымалдылығын арттыру, аудиторияның бейілділігі бойынша көп тәжірибе алдым.
— Ол жерде сіз 2018 жылға дейін жұмыс істедіңіз, одан кейін «Қазмедиа орталығы» пайда болды. Бұл ауысу қалай өтті?
— Біріншіден, жаңа медиаорталыққа біз 2011 жылы кірдік. Ол өте қысқа мерзімде салынып болды – 1,5-2 жыл ішінде. Ол уақытта жаңа медиакомплекстің іске қосылуы біз үшін үлкен сын болды. Медиаорталықта енгізілген технологиялар мемлекеттік каналдарда қолданылатындарға қарағанда әлдеқайда ілгерінді және алдыңғы қатарлы болды. Мамандарды нақты уақыт режимінде оқытуға тура келді.
Біз эфирді тоқтата алмаймыз ғой, сондықтан барынша жаттығып кіру керек болды. Жаңалықтарымызды ескі базада құрып, осы жақтан эфирге шығардық, осылай араластырып, одан кейін адамдарды жол бойы үйретіп, медиаорталықты игеріп алдық. Техникалық мамандарымыз жоқ болды. Бұрындары «Хабар», «Қазақстан», «Еуразия» – әр арна өз жолдымен дамитын, техникалық директорларының білгені бойынша, осыған байланысты олардың форматтары әр түрлі болды. Ал мұнда бәрімізді бір «жатақханаға» тұрғызып қойды да, біз бір бірімізбен қарым-қатынас орната бастадық.
— Немесе техникалық директорлардан шоттарын алып алды десек болады ғой?
— Иә, айтпақшы, солай болды ғой. Әрине, әлі күнге дейін бір бірімізге үйреніп жатырмыз. 2018 жылы мені медиаорталықты басқаруға шақырды.
— Сонымен сіз «Қазмедиа орталығына» келдіңіз. Мұнда бәрі реттеліп қойған ба, әлде менеджерлік шешімдер қажет пе екен?
— Технологиялық тұрғыдан бәрі реттелген, бірақ заң тұрғысынан мәселелер туындады. Бүкіл құрал-жабдық ММЖК-ның (Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті) балансында болды, ал «Қазмедиа» оны тек басқарып отырды. Бірақ құжат түрінде ешкім аяғына дейін шығармаған, белгілі бір ауытқулар болды, жабдықтардың өз құнын өтелімсіз есесптеген. Біз нарықты құлатқандай болдық, экономикалық тұрғыдан ол дұрыс емес еді.
Басшылардың ерекшелігі – мойындарына жауапкершілік ала білуінде. Бұл тығырыққа әкелетін жол екенін түсінген кезде. Және сен осыны шешпесең, бұл жағдай созыла беретінін білгеніңде.
Басшылардың ерекшелігі – мойындарына жауапкершілік ала білуінде. Бұл тығырыққа әкелетін жол екенін түсінген кезде. Және сен осыны шешпесең, бұл жағдай созыла беретінін білгеніңде. Біз бұл шаруаға бір жыл уақытымызды кетіріп, өткен жылы ғана жабдықтарды балансымызға қойдық. Енді біз толық меншік иесі болып табыламыз, бұл бізге негізгі құрал-жабдықтарды шығысқа шығарып немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі ең күрделі мәселелердің бірі құрал-жабдықтардың 2011 жылдан бері толық тозып, енді оны жаңалау қажеттілігі. Елдер ойлайды: міне әдемі ғимарат соғып бердік, басқарыңдар. Ана тұрған телефонды неге, қанша уақытта ауыстыру керектігіне дейін бәрін түсіндіру керек. Неге? Өйткені ол ескіреді, қызметтері ауысады.
Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі бізге жаңарту жоспарын бекітіп берді. Өткен екі жылда біз соңғы он жылдың ішінде алғаш рет жаңарту жұмыстарын бастадық. Әрине, қиындықтар бар, кейбір жабдықтар өндірістен шығып кеткен, техқызметтен, техқолдаудан алынған, осындай мәселелерді шешу керек.
Медиаорталықтың инженерлер құрамын жұмыстарына шабытпен қарап, өздерін дамытуға көңіл бөлуге ынталандыруға тырысамын. Өндіріс пен әлеуметтік өмірдің құбылмалы жағдайы кадр біліктілігін үнемі арттыруды талап етеді. Мен техникалық терминдерді қарапайым сөзбен жеткізе білетін техникалық мамандарды жоғары бағалаймын. «Еліміздегі ТВ-өндірісі бойынша ең мықты мамандар біздің медиаорталықта жұмыс істейтіндігі туралы бәрі білу керек. Шығармашылық қызметкерлерді әрдайым телеөндірісте болып жатқан жаңалықтармен таныстыруларыңыз қажет. Біз қазір телевизиялық техникада сұраныс ұсынысты белгілейтін емес, керісінше жағдайдамыз», – деп атап өтемін.
Біз қазір телевизиялық техникада сұраныс ұсынысты белгілейтін емес, керісінше жағдайдамыз.
— Нені өміріңіздің басты жетістігі деп санайсыз?
— Ең басты жетістігім – балаларым: қызым мен ұлым. Мен оларды кеш тудым – 35, 37 жасымда. Отбасыммен болған әр күнім мен үшін үлкен жаңалық ашумен тең. Жалпы алғанда мен жауапкершілігі жоғары анамын.
Мысалы, олар ролик немесе шаңғы тепкісі келсе, мен олармен бірге үйрене бастаймын. Олардың барлық қызығушылықтарын қолдауға тырысамын. Демалыс күндерімізді белсенді өткіземіз, саяхаттарымызды жоспарлаймыз.
Қызымның жеті жасында Аяз Атаға хатында: «Құуыршақ алғым келеді, қуыршақтың үйі керек, балмұздақ…», – деп бір бетті толтырып, 12-пунктте: «Анам 28-де болсыншы», – деп жазғаны есіме түскенде күліп аламын.
Мен оған: «Қызым, менің қолымнан бәрі келеді, бірақ қайта 28-де болу келмейді», – дедім. Біздің арамызда үлкен эмоционалдық жақындық бар, үшеуіміздің жоспарымыз, сауығымыз, әңгімеміз бір.
2008 жылы ұлыңыз дүниеге келді дедіңіз. Ол кезде сіз банкте жұмыс істедіңіз. Бала күтіміне байланысты демалысқа шыға алдыңыз ба?
— Ұлыммен үш ай үйде отырдым.